<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><author>Сауле</author>
<title>Мөлдір аққан судай өмір бердің Сен МЖЖ96</title>
<lyrics>[V1]
 Мөлдір аққан судай өмір бердің Сен.
 Қуаныш пен күлкі сый ғып бердің Сен.
 // Алғыс Саған Иса, Тәңірім Ием.
 Құтқарушым Иса жан-шуағым сен. //

[V2]
 Нұр мен махаббатқа бөлендірдің Сен.
 Күш пенен қуатты сый ғып бердің Сен.
 // Кәусар бұлағымсың Иса, Исажан.
 Жанған шырағымсың Иса, Исажан. //

[V3]
 Жүрегімді жандыр махаббатыңмен.
 Шөлімді Сен қандыр Киелі Сөзіңмен.
 // Тәңір, Тәңір Иса, берші рақымнан.
 Келші, келші Иса төкші Рухыңнан. //</lyrics>
<hymn_number>96</hymn_number>
</song>